Олимпиада жүлдегері Павлодарда өз шеберлігін көрсетті

Павлодарда GymFest отбасылық спорттық-сауықтыру фестивалі өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Спорттық шара Металлургтер күні ERG және Қазақстан гимнастика федерациясының қолдауымен ұйымдастырылды. Бағдарламада шеберлік сағаты, кәсіби спортшылар мен жас гимнастардың жарқын көрсетілімдері. Сондай-ақ Париждегі Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Нариман Құрбанов жанкүйерлерімен сөйлесіп, қолтаңбасын қалдырды. Балалар үшін қызықты тесттер, ептілік, икемділік және тепе-теңдік ойындары ұйымдастырылды.
- Соңғы жылдары ERG тобы көптеген спорттық іс-шаралардың, соның ішінде футбол, баскетбол, жеңіл атлетика, олимпиадалық спорт түрлері бойынша турнирлердің серіктесі және демеушісі ретінде әрекет етті. Компания гимнастиканы дамытуға ерекше көңіл бөледі, мұны Қазақстан гимнастика федерациясымен ынтымақтастық және дарынды спортшыларға, оның ішінде халықаралық жарыстардың жеңімпаздарына қолдау көрсету дәлелдейді, - деп жазады республикалық федерация.
Фестиваль қонақтары Қазақстан гимнастика федерациясы әзірлеген төрт бағытпен танысты: көркемдік, спорттық, батут және акробатика.
Нариман Құрбанов осы спорт түрінен Қазақстаннан шыққан тұңғыш Олимпиада жүлдегері атанды. Париж Олимпиадасының финалында қазақстандық сол кездегі әлем чемпионы ирландиялық Рис МакКленаганға жеңіліп қалды. Үшінші орынға америкалық Стивен Недорошик көтерілген еді.