Онлайн порталда ҰОС қатысқан павлодарлық батырлар бар

Онлайн порталда  ҰОС қатысқан павлодарлық батырлар бар
Скрин: batyrlarga-tagzym.kz

Елімізде «Батырларға – тағзым» – Ұлы Отан соғысының ардагерлерін іздеуге арналған сайт былтыр  бастау алған, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің ерлігін ел есінде жаңғырту мақсатында іске қосылған порталда батырлар туралы ақпаратты тегі, аты, аймағы немесе марапаттары бойынша табуға болады.  

Ұлы Отан соғысы қаһармандарын ұлықтайтын онлайн сайтқа кез келген адам өз ата-әжелерінің ерлігі туралы мәліметті жүктей алады. Соның арқасында сайт басқа оқырмандарға іздеу қызметі арқылы Ұлы Отан соғысы мен тыл ардагерлерінің аты-жөні бойынша керек адамын тауып, ерлігі туралы мәлімет алу мүмкіндігін  ұсынады. 

Айта кетелік, онлайн порталды пайдаланушылар сайтқа өз туысының тарихын қоса алады. Әр адамның соғысқа қатысқан жақындары туралы естеліктерімен бөлісуге мүмкіндігі бар. Сонымен қатар, фотосуреттерді де жүктей алады. Қолданушылар ардагер туысының суреттерін веб-порталға жүктеп, ардагерлердің жаңа мәліметтерін қосуға жол ашық. Мәселен,  веб-порталдың дерекқорында жоқ ардагерлердің мәліметтерін оңай енгізуге болады. 

Жоба оқырмандарды Қазақстанның белгісіз әрі танымал емес батырларымен таныстырады әрі ардагерлердің туыстарына соғыстан кейін жоғалған жақындарын табуға көмектеседі.