Орманды заңсыз отаған шарбақтылықтың бас бостандығы шектелді
Бұдан бөлек, ол 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам 700 мың теңгеге жуық залал келтірген.
- Заң бұзушы Шалдай ауылында тұратын досымен «Ертіс орманы» Шалдай филиалының дала орманшылығындағы бұрын заңды түрде кесілген өлі бөренелерді көлікпен тасу қажет болған. Алайда досының ағаштарын тиегеннен кейін, ол пайдакүнемдік мақсатпен тағы сегіз текше метрден астам өсіп тұрған қарағайды кесіп алған. Үйге қайтып келе жатқанда жолда жердегі 13 «Қарағай» бөренелерін көріп, оны өзімен бірге алып кеткен, - делінген хабарламада.
Қылмыстық әрекеттердің нәтижесінде ер адам 700 мың теңгеге жуық залал келтіріп, оны төлеуге міндеттелген. Кінәлі азаматқа ҚР ҚК-нің 340 және 188-баптары бойынша айыпты деп танылып, екі жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалған.
- Сотталушы пробация қызметінің есебіне алынды. Енді есепте тұрған адам апта сайын тіркеуге келуі және мінез-құлқы туралы есеп беруге, жазаның тәртібі мен шарттарын сақтауға, сот белгілеген міндеттерді орындауға, сонымен қатар 100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылады, - деді Шарбақты аудандық пробация қызметінің бастығы Махмуд Китиев.
Айыпты азаматты пробация қызметінің инспекторы учаскелік полиция инспекторымен бірлесіп тұрғылықты мекен-жайы бойынша тексеретін болады.