Павлодар облысында үш елді мекенді қорғау күшейтілді

Павлодар облысында үш елді мекенді қорғау күшейтілді
Фото: облыстық ТЖД баспасөз қызметінен

Ертіс ауданы Ағашорын ауылында жаңа өртке қарсы пункт пайдалануға берілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ол ауылдық жерлердегі өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюды қамтамасыз етеді.

Нысан Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі генерал-лейтенант Шыңғыс Арыновтың бастамасымен «Ауыл құтқарушылары» республикалық жобасы аясында құрылды. Жоба өрт қауіпсіздігін нығайтуға және ауылдық жерлерде, ең алдымен шалғай ауылдарда ден қою жүйесін дамытуға бағытталған. 

Өрт сөндіру бекеті Ертіс ауданының жергілікті атқарушы органдарының қатысуымен және «Замандас» ЖШС қолдауымен ашылды. 

– Пункт өртті ерте кезеңде сөндіруге арналған техникамен, байланыс құралдарымен және жабдықтармен толық жабдықталған. Бөлімше жарақтандыруында-өрт-техникалық жабдықтармен және жауынгерлік киім жиынтықтарымен жарақтандырылған ЗИЛ-130 өрт сөндіру автомашинасы бар, – деді облыстық ТДЖ баспасөз қызметінде. 

«Замандас» ЖШС жедел әрекет етуге жүк тиегіш пен екі трактор бөлді, сондай-ақ өрт автоцистернасына арналған жылы бокспен жабдықталды.

Пункт Ағашорын, Ленино және Ұзынсу ауылдарына қызмет көрсетеді, олардың жалпы саны шамамен 1500 адамды құрайды.

Бүгінде Павлодар облысында жалпы саны 122 мың адам болатын 256 елді мекенді қорғауды қамтамасыз ететін 79 өртке қарсы пункт жұмыс істейді.

Пункттердің жұмысы өрт қаупін азайтуға және азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғауға бағытталған.