Отшашу, концерт: Екібастұздықтар Теміржолшылар күнін қалай тойлайды?

Отшашу, концерт: Екібастұздықтар Теміржолшылар күнін қалай тойлайды?
Фото: Константин Шелков

Қала тұрғындарын қуантуға шетелдік жұлдыздар келеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

3 тамызда кеншілер қаласында Теміржолшылар күні тойланады. Мерекеге орай «RAILWAYS SYSTEMS KZ» ЖШС қолдауымен қала тұрғындарына шоу-бағдарлама дайындалды.

Концерт «Өнер» мәдениет үйінің алаңында өтеді.

Сағат 19.00-ден бастап кішкентай көрермендерге аниматорларлар шоуы ұйымдастырылады.

20:00-де мерекелік бағдарламаны еуропалық Joy ретро-әртіс ашады.

Сондай-ақ, сахнаға Nova Ballet тобының сүйемелдеуімен қазақ эстрадасының әншісі Жұлдыз Уәлихан шығады. Концерттің хедлайнері – атақты ресейлік әнші ELMAN.

Сағат 22.45-те көрермендер алаңдағы отшашуды тамашалай алады.