Павлодар қаласының білім бөліміне жаңа басшы тағайындалды

Оның білім саласында үлкен тәжірибесі бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, бүгін ведомствода кадрлық өзгеріс болып, бөлім басшысы қызметіне Тимур Нұркешов тағайындалды.
Тимур Нұркешов - білім беру саласында үлкен тәжірибесі бар маман. Ол қаланың білім беру жүйесін дамытуға өз үлесін қосуға дайын.
Бөлім ұжымы жаңа басшыны жылы қарсы алып, оған жауапты қызметте табыс тіледі. Ұжым Тимур Нұркешовтің тәжірибесі мен білімі білім беру сапасын арттыруға және алға қойылған міндеттерді орындауға септігін тигізеді деп сенеді.
Жаңа басшының басшылығымен Павлодар қаласының білім беру саласы жаңа жетістіктерге жетеді деп күтілуде.
Еске сала кетейік, облыстық білім беру басқармасының басшысы Самал Айтқазина жаңа қызметке ауысуына байланысты лауазымынан кетті. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.