Павлодар әкімі қала көшелерінің жөндеу жұмыстарына дайындығын тексерді

Павлодар әкімі қала көшелерінің жөндеу жұмыстарына дайындығын тексерді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бір шақырым жол жөнделмек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Хасар Хабылбеков ағымдағы жөндеу жұмыстары жоспарланған Есеналиев және 29-Ноябрь көшелеріндегі дайындық жұмыстарымен танысты. Мұнда жылу желілері гидравликалық сынақтан өткізілді. Зақымданған учаскелер жоқ. Қазір су құбырында екі электр муфтісін ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.

– Аталған көшелердегі ағымдағы жөндеу жұмыстары апта соңында басталады. Екі көше бойынша жалпы бір шақырым жол жөнделмек. Жолдар фрезерлеу әдісімен жөнделіп, бордюрлер ауыстырылмақ, – деді қала басшысы өзінің жеке «Instagram» парақшасында.

Бұдан бөлек ағымдағы жөндеу жұмыстары Айманов көшесінің қалаға кіреберіс аумағында басталды. Жөндеу барысында жол қозғалысын тиімді реттеу мәселесін қарастыруды тапсырдым.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Хасар Хабылбеков (@khassarkhabylbekov)