Павлодарда Усолка өзені бөгетті жырып кетті

Павлодарда Усолка өзені бөгетті жырып кетті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаланың тұрғын үй секторына қауіп төніп тұрған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазба негізінде жауапты қызметтер оқиға орнына барып, барлау барысында Усолка өзенінің жайылма аймағында судың орманға қарай жылжымайтындығы анықталды. 

Су тасқыны жағдайы тұрақты бақылауда.