Павлодар 3-ЖЭО-да бірінші қазандық агрегаты күрделі жөнделіп жатыр

Павлодар 3-ЖЭО-да бірінші қазандық агрегаты күрделі жөнделіп жатыр
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мамандар зиянды шығарындыларды тазарту тиімділігін арттыратын жаңа жабдық орнатады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, мердігер ұйым жабдықтың ақауларын анықтап, негізгі және қосалқы құрылғыларды ауыстырып жатыр.

– Сонымен қатар екінші буындағы батареялық эмульгаторларды заманауи үшінші буындағы жабдықтарға ауыстыру жоспарланған. Бұл шығарындыларды тазарту тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде, – деді қазандық цехы бастығының пайдалану жөніндегі орынбасары Павел Карауш.

Станцияда №3 және №5 қазандық агрегаттары мен №3 турбоагрегатты күрделі жөндеу аяқталған. Қазір №1 қазандық агрегатымен қатар №5 турбоагрегатта жұмыстар жалғасуда.

Бұдан бөлек, №1 түтін мұржасы жөнделіп жатыр. Станцияда қосалқы және жалпы станциялық жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстарға ағымдағы жөндеу жүргізілуде.

Жөндеу жұмыстары алдағы жылыту маусымында станцияның тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге бағытталған.