Екібастұзда жылу ақысын қайта есептеу алгоритмін жақын арада ұсынады
Облыс әкімі кезекті рет Екібастұзға барып, жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Аймақ басшысы жылу желілеріндегі жұмыстардың сапасын тексерді.
Қала әкімі Аян Бейсекин, Екібастұз ЖЭО директоры Дмитрий Захаров және «Павлодарэнерго» АҚ бас директоры Вадим Лесин баяндама жасады. Келесі аптаның басында олар халыққа уәде етілген жылу төлемдерін қайта есептеу алгоритмін ұсынуы керек.
- Тұрғын үйлердің кіреберістерінде жылуды қалпына келтіру жұмыстарының басталуын мақұлдадым. Қажетті радиаторлар бар. Алдағы көктемгі-жазғы жөндеу науқанына да материалдар сатып алуға кірісуді тапсырдым, - деді облыс әкімі Асайын Байханов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы Екібастұз супермаркеттерінің біріне барып, азық-түлік сатып алды.
- Жергілікті баға саясаты қанағаттандырмады. Павлодарға қарағанда он жұмыртқа 110 теңгеге қымбат. Жарма, қант, макарон өнімдерінің құны да жоғары, - деп жазды облыс әкімі.
Асайын Байханов Екібастұзда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасының негізсіз өсуімен айналысуға бұйрық берді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Фото: Валерий Бугаев