Павлодар — Астана жолы жабылды

Павлодар — Астана жолы жабылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Оған қолайсыз ауа райы себеп, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ мәлімдеді.

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесінде (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол) қозғалыс шектелген.

- 10 наурызда Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Абай, Жамбыл, Жетісу, Түркістан, Қарағанды, Қызылорда, Павлодар және Ұлытау облыстарының кей жерлерінде қар мен боран күтілуде. Сол себепті жүргізушілерге жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты қатаң сақтап, жолдардағы ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз, - делінген хабарламада.

Қосымша ақпаратты 1403 байланыс орталығына хабарласып алуға болады.