Павлодар ауданының омарташысы облыс әкімінен жәрдем сұрады
Асайын Байханов жеке қабылдау өткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, тұрғындар аймақ басшысына ортақ пайдаланылатын жер учаскесіне қол жеткізу мәселесімен жүгінді. Мысалы, Павлодар ауданы Розовка ауылының омарташысы кәсіпкерлік объектісінің шығындарын өтеуге жәрдем көрсетуді сұрады. Облыс әкімі медиативті шешім қабылдауды және қаражат бөлуге көмек көрсетуді тапсырды.
Сондай-ақ, азаматтарды қабылдау барысында басқа да бірқатар әлеуметтік мәселелер қаралды. Әрбір тұрғынның өтініші жан-жақты қарастырылды. Жауапты тұлғаларға қосымша пысықтауды талап ететін өтініштер бойынша тапсырмалар берілді.
Естеріңізге сала кетейік, аймақ тұрғындары қабылдауға E-gov, E-otinish порталы немесе әкімдіктің WhatsApp +77021661661 желісі арқылы жазыла алады.