Павлодар облысында есірткіге қарсы жылжымалы консультациялық пункт іске қосылады

Павлодар облысында есірткіге қарсы жылжымалы консультациялық пункт іске қосылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтарға нашақорлық пен уытқұмарлықтың алдын алу мәселелері бойынша кеңес беріледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

18 қарашада сағат 10:00-де облыстық полиция департаменті орналасқан мекенжайда жылжымалы пункт жұмысын бастайды. 

Оның негізгі міндеті – халықты, жалпы білім беру мекемелерінің оқушыларын және колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттерін есірткі және психотроптық заттардың заңсыз айналымына қатысудың салдары туралы хабардар ету. Сондай-ақ, есірткіге тәуелді азаматтарды емдеу және оңалту бойынша ақпарат беріледі.

Пунктте республикалық және облыстық психикалық денсаулық орталықтарының, сондай-ақ АИТВ-инфекциясының алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталығының психолог-мамандары, волонтерлік және үкіметтік емес ұйымдардың белсенділері консультациялық көмек көрсетеді.

Ұйымдастырушылар арасында облыстық мәслихатының, «AMANAT» партиясының облыстық филиалының  және ведомствалар бар. Айта кетейік, бұл жоба Қазақстанда алғаш рет іске асырылуда.