Павлодар ауданында зейнеткер гигант қияр өсірді
Екі көкөністің салмағы үш келіден асты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар ауданы Ольгинка ауылында «Үй жанындағы бақша» көрме-байқауы өтті. 84 жастағы ауыл тұрғыны Нина Кривич «Көкөніс» номинациясында жеңімпаз атанды.
Оның жеке учаскесінде екі алып қияр өскен. Біреуінің салмағы – 1,8 килограмм, екіншісі – 1,4 келі.
– Бұл қияр маған қыс бойына жетеді! – деп әзілдейді зейнеткер.
«Менің учаскемдегі жидектер мен жемістер» номинациясында 87 жастағы Екатерина Крисанова жүлдегер атанды. Ол қазылар алқасына өз учаскесінде өсірілген жемістер мен жидектердің тоғыз түрінен тұратын компот ұсынды.