Павлодар облысының жаңа прокуроры тағайындалды

Павлодар облысының жаңа прокуроры тағайындалды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Берік Жүйріктаев 2018 жылдан бері Алматы қаласының прокуратурасын басқарған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президенттің келісімі бойынша Бас прокурордың 3 қазандағы бұйрығымен 3-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі Берік Жүйріктаев ротация тәртібімен Павлодар облысының прокуроры болып тағайындалды.

Берік Жүйріктаев 1978 жылы туған, білімі жоғары, «Тұран» университетінің түлегі.

Прокуратура органдарындағы қызметін 1999 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы прокурорының көмекшісі болып бастаған.

Әр жылдары Алматы облысы Панфилов ауданының прокуроры, Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.