Ақсу кәсіпкерлері қандастарды жұмысқа орналастыруға көмектеседі
Металлургтер мен энергетиктер қаласында облыс әкімінің тапсырмасы орындалуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімдігінде хабарлағандай, «Қызылжар Құс KZ» ЖШС, «Үштерек и К» және «Бауыржан-Ж» ШҚ басшыларымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды. Кәсіпкерлер қоныс аударушылар мен қандастарды жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге уәде берді.
– Азаматтарды қабылдау шаралары мемлекеттік еңбек ұтқырлығы бағдарламасы аясында қабылданады. Оңтүстік өңірлердің тұрғындарын бос және субсидияланатын жұмыс орындарына жұмысқа орналастыру басымдық болып қала береді, – деді Ақсу қаласының әкімі Болатбек Шәріпов.
Қол қойылған меморандумдарға сәйкес жұмыс 2026 жылы басталады. Алдағы уақытта әкімдікте өңірдің басқа да кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді тарту жоспарлануда.
Посмотреть эту публикацию в Instagram