Павлодар ауылында отызға жуық электр қондырғысы жөнделуде
Бұл жарықтан авариялық ажырату қаупін азайтады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар қаласының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, қала әкімі Хасар Хабылбеков ауыл тұрғындарымен кездесті. Инфрақұрылымды дамыту бойынша атқарылған жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтты.
Биыл ауылда жергілікті қоқыс полигонын күзету пунктінің модульдік ғимараты жабдықталып, Тәуелсіздік пен Мұқан Қоғам көшелерінде балалар алаңдарын орнату бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Жалпы ұзындығы 3,4 шақырым болатын 4 көшенің жолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
– Ауылды үздіксіз электрмен қамтамасыз ету үшін ағымдағы жылы жаңа тұрғын үй құрылысы аумағы үшін қосалқы станцияның құрылысы аяқталуда. Бұдан басқа, 27 толық трансформаторлық қосалқы станцияда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жарықтан авариялық ажырату қаупін азайтуға мүмкіндік береді, – деді қала басшысы.
Аталған жеке тұрғын үй құрылысы аумағында орталық су құбырын тарту жоспарланған. Жыл соңына дейін жобалық-сметалық құжаттама әзірленеді. Бұдан кейін облыстық бюджетке тиісті қаражат бөлу үшін өтінім жолданады.
Сондай-ақ, Хасар Хабылбеков азаматтарды жеке қабылдау өткізіп, барлық сұрақтарды бақылауға алды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram