Павлодарда Желтоқсан көшесінің жартысына кәріз жүйесі қашан тартылатыны белгілі болды
Көшенің бір бөлігіне биыл кәріз жүйесі тартылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Ержан Иманзайыпов өзінің Instagram парақшасында жазды.
- Азаматтардың жеке қабылдауын өткіздім. Қала тұрғындары тарапынан жер қатынастары және тұрғын үймен қамту бойынша көптеген сұрақтар қойылды. Одан бөлек, Желтоқсан көшесінде кәріз жүйесін тарту мәселесі де көтерілді. Көшенің бір бөлігіне биыл кәріз тартылуда. Қалған бөлігіне тарту үшін биыл жобалық сметалық құжаттаманы дайындауды тапсырдым, - деді қала әкімі.
Сондай-ақ қабылдауға келген кәсіпкер тұрғын үйлерді күн сәулесі арқылы жылыту жобасын таныстырды. Оған аталған технологияны аймақтың өзіндік ерекшелігі бар ауа райында сынақтан өткізіп көруді ұсынды.
Жеке қабылдауда көтерілген мәселелер бақылауға алынып, кейбір сұрақтарға қатысты жауапты мемлекеттік органдарға тапсырмалар берілді.