Павлодар ауылында жолдар мен электр желілерін жаңарту мәселесі қаралды

Бұл туралы Павлодар қаласының әкімі Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Ауыл тұрғындарымен есептік кездесу өткіздім. Облыс әкімінің қолдауымен биыл ауылда бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Қосалқы станция орнатылып, бірінші желі қосылды. Кіреберіс жолдар абаттандырылды. Тамыз айында екінші желі қосылады, қазір 1а фидерін тарту жұмыстары жалғасуда. Бұл электр қуатының жиі үзілу мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері 34,5 шақырымнан астам жол жөнделді, 5 аялдама орнатылды, тағы 4-еуінің жұмыстары жүріп жатыр. Ауылда абаттандыру мен көгалдандыру жұмыстары жалғасуда, – деп жазды шаһар басшысы әлеуметтік желіде.
Сонымен қатар, кездесу барысында тұрғындар жолдардың толық жөнделу мерзімі мен 44-ші бағыттағы автобустың соңғы аялдамасын алға жылжыту мәселесін көтерді. Әкім бұл сұрақтардың назарға алынатынын, қажетті жобалық-сметалық құжаттар дайындалған соң жолдарды жөндеу жалғасатынын және полициямен келісім бойынша қосымша аялдама орнату мүмкіндігін қарастыратынын жеткізді.
Кездесу соңында тұрғындар ауылдағы өзгерістер үшін ризашылығын білдіріп, әкімге ауылды дамытудағы еңбегі мен тұрғындардың әлеуметтік мәселелеріне көңіл бөлгені үшін алғыс айтты.
Хасар Хабылбеков ауыл әкімдігіне жұмыс қарқынын бәсеңдетпей, барлық жобаны уақытында аяқтауды және тұрғындармен тұрақты диалогты жалғастыруды тапсырды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram