Павлодар депутаттары елдің басқа өңірлерінің әріптестерімен тәжірибе алмасты

«ҚР жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамытудағы мәслихаттардың рөлі» семинарлары дәстүрге айналды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодарда пленарлық отырыста он қалалық мәслихаттың өкілдері жиналды, қонақтар депутаттық корпус жұмысын жаңғыртумен танысты, содан кейін ахуалдық орталықтың жұмысымен танысты, жағалауды көрді, облыстық мәслихат депутаттарымен әңгімелесті. Делегация Қарағанды, Ақтөбе, Көкшетау, Қызылордада болды. Павлодарда олар бірнеше нысанды аралап келді.
Ситуациялық-талдау орталығы бойынша экскурсияны жобалық кеңсенің басшысы, облыс әкімдігі цифрлық технологиялар басқармасы басшысының орынбасары Самал Камитова өткізді. Мұнда облыста жүзеге асырылып жатқан жобалардың даму сатысы, қаржысы, іске асу деңгейі көрсетіледі.
– Қазіргі уақытта бізде әртүрлі басқармалардан келген тоғыз адам бар. Олардың жобаларын біз жүргізіп жатырмыз. Қызметкерлер іссапарда жүргендей, тәжірибе жинайды және қайтадан өз басқармаларына оралады. Содан кейін оларды басқа қызметкерлермен алмастырады, – деп бөлісті Самал Камитова. – Мониторинг жүргізуге мүмкіндік беретін негізгі ақпараттық жүйе – Bitrix-пен жұмыс жасаймыз. Ол барлық облыс пен қалада қолданылады.
Ахуалдық орталықтан басқа, депутаттардың сапары бағдарламасында «ҚЭЗ» АҚ, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалына бару болды. Ақтөбе қалалық мәслихатының төрағасы Анара Даржанованың пікірінше, әр өңір өзінің тарихымен және даму тәжірибесімен қызықты.
– Бүгінгі күні мәслихаттар жергілікті басқаруда маңызды институт екені белгілі. Міне, сондықтан мәслихаттардың өңір мен қалалар арасындағы тәжірибе алмасуы өте маңызды. Павлодарда көптеген жұмыстар жүруде, соның ішінде мына аулаішілік, коммуналдық жөндеулерді байқап жатырмыз. Бүгінгі күні халық Ұлттық жобаны іске асырудағы үлкен ауқымды істердің жемісін көріп отыр, – деді депутат. – Әр өңірден, қаладан үйренетініміз мол. Осындай тәжірибе алмасу үлкен жұмыстарды іске асыруға импульс болатыны сөзсіз.
Депутаттарға жергілікті әкімдердің тікелей эфирге шығып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беретіні өте ұнады.
– Павлодар бұл – цифрлық интеллект мүмкіндіктері дамыған қала. Біздің сайлаушылар мен депутаттарды барынша жақындастыруға мүмкіндік бар. «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасында әрбір тұрғын өз сұрағына уақытылы жауап алуы тиіс. Сондықтан, егер бұл аралық жауап болса да, бұл алдағы жұмыстардың жасалу жоспары болса да, кез келген жағдайда тұрғындар үшін жауап өте маңызды, – деп атап өтті Анара Даржанова.
Кейін қонақтар елдегі алғашқы экстрадозды көпірін тұрғызып жатқанын көрді.