Асайын Байхановтың Ертіс ауданының тұрғындарымен кездесуі басталды

Асайын Байхановтың Ертіс ауданының тұрғындарымен кездесуі басталды
pexels.com

Кездесу Ертіс ауылының мәдениет үйінде өтуде, деп хабарлайды  @Рavlodarnews.kz. 

Аймақ басшысы ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап береді. Кездесуден тікелей эфир жүргізіледі.  Оны @pavlodar_region инстаграм парақшасы арқылы көруге болады.  

Естеріңізге сала кетейік, облыс әкімі бұған дейін Ертіс ауданында жұмыс сапарымен барып, аудандағы суармалы алқаптарды қарап шықты. Сондай-ақ, шаруа қожалықтарының басшыларымен кездесті. 

Биыл Ертіс ауданы Қызылағаш ауылында жаңа мешіт бой көтеруде. Оны аудандық мәслихаттың депутаты, кәсіпкер Сағынбай Уабов өзінің ағаларымен бірлесіп салып жатыр