Павлодар IT-колледжінің студенттері Мәңгілік алау маңында көгершін ұшырды

Павлодар IT-колледжінің студенттері Мәңгілік алау маңында көгершін ұшырды
Фото: IT-колледжден

Акцияға колледж студенттерімен бірге алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы Нұрлан Нұрпейісов те қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жастар Жеңіс күні қарсаңында Даңқ обелискісіне келді. Олар гүл шоқтарын қойып, соғыс тақырыбындағы бірнеше өлең оқыды және ақ көгершіндерді көкке ұшырды.

– Ересектердің басты міндеті – Ұлы Отан соғысы туралы білімді жастарға жеткізу, – дейді АӘД пәнінің мұғалімі Нұрлан Нұрпейісов. – Өкінішке қарай, бүгінде көпшілік сол жылдардағы оқиғалардың еліміздің тұрғындарына қалай әсер еткенін толық түсіне бермейді. Қазақстандағы әрбір отбасында фашизмге қарсы соғысқан немесе тылда еңбек етіп, жеңісті жақындатқан адамдар болған. Сондықтан біз олардың рухына құрмет көрсетіп, жерімізде бейбітшілікті сақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек.

Мәңгілік алауға келген студенттердің арасында 80 жыл бұрын болған соғыс туралы көп білетіндер де болды. Наргиза Елеусизова бала кезінен бастап соғыс даласында ерлік көрсеткен қазақстандықтар жайлы көбірек білгісі келгенін айтады.

– Біздің ұрпақ бейбіт заманда өсті, және бұл мүмкіндік – соғысты бастан өткерген жандардың батырлығы мен табандылығының арқасында жүзеге асты, – дейді Ақпараттық технологиялар колледжінің студенті. ҰОС ардагерлерінің үлгісі – біз үшін батырлықтың, рухани күштің және шынайы отансүйгіштіктің сабағы. Біз Ұлы Жеңістің бағасын ешқашан ұмытпауымыз керектігін түсінеміз.

Ол жастардың борышымы – осы тарихи оқиғаларды есте сақтау, болашақ ұрпаққа жеткізу, сондай-ақ ардагерлер мен сол жылдардың куәгерлеріне құрмет көрсетіп, қолдау білдіру екенін атап өтті.