Павлодарда «Үздік маман» байқауы өтеді

Павлодарда «Үздік маман» байқауы өтеді
Фото: inbusiness.kz

Облыстық байқауға өтінімдер қабылдау басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Бұл туралы жастар бастамаларын дамыту орталығы мәлімдеді.

- «Үздік маман» облыстық байқауына өтінім беруші өтінім нысанын (1 қосымша) толтырып, қоса беруі қажет. Сонымен қатар, жеке куәлік/төлқұжат/туу туралы куәліктің көшірмесі, кәсіби қызмет саласындағы жетістіктері яғни диплом,грамоталар, сертификаттардың көшірмесін беруі керек, - делінген хабарламада.

Байқауға қатысушы құжаттарды Павлодар қаласы, Ломов көшесі, 38, 1.01 кабинетіне өткізуі керек.

Ұйымдастырушыға жеке өзі ұсынуы тиіс немесе «Үздік маман» белгісімен kgu_crmi@mail.ru электрондық мекенжайына 2023 жылғы 14 ақпанынан 15 наурызға дейінгі мерзімде жіберуі шарт.

Әрбір қатысушы өз қызметінің мастер-классын көрсетуі тиіс. Мұнда дәнекерлеуші, тігінші/тігінші әйел, аспазшы, кондитер, beauty индустриясы (шаш стилисі).

Байқауға қатысып, өз ісіңнің шебері екеніңді дәлелде.