Павлодар мұнай-химия зауыты жоспарлы күрделі жөндеуге жабылды
Кәсіпорын жұмысы тоқтатылған кезеңге бензин мен дизель отынының қоры жеткілікті мөлшерде бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
ҚР Энергетика министрлігі бекіткен жоспары бойынша 20 маусымнан 19 шілдеге дейін Павлодар мұнай-химия зауытының жұмысы уақытша тоқтатылатын болады. Бұл туралы «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС баспасөзі хабарлайды.
– Кәсіпорында күрделі жөндеу кезінде жүргізілетін жұмыстың негізгі бөлігіне технологиялық жабдықтардың (құбырлар, пештер, бу құбырлары және т.б.) өнеркәсіптік қауіпсіздігін техникалық тұрғыдан куәландыру, жөндеу және сараптау кіреді, – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, Павлодар мұнай-химия зауыты жөндеуге жабылған уақытта бензиннің 37 мың тонна және дизель отынының 47 мың тоннасы бар. Бұл көлем кәсіпорынды жөндеу кезінде өнімді бірқалыпты жөнелтіп отыруға мүмкіндік береді.
Фото: Константин Шелков