Павлодар облысында арамшөп көбінесе Ертіс және Баянауылда өседі
Бүгінгі таңда фитосанитарлар зиянды өсімдіктерге қарсы жұмыстар жүргізуде, деп хабарлайды @Рavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл жайлы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешені мемлекеттік инспекция комитетінің Павлодар облысы бойынша басшысының орынбасары Арман Шүйкенов мәлім етті.
– Арам шөптерге қарсы химиялық отау жұмыстарын ауылшаруашылық субъектілерінің күшімен 355 мың гектар алқапта жүргізіледі. Ағымдағы кезеңде 150 мың гектар алқап өңделді. Ең көп арамшөп өсетін аудан – Ертіс ауданы. Одан кейінгі орында Баянауыл ауданы тұр, – дейді Арман Шүйкенов.
Оның айтуынша, мемлекеттік қор жерлерінде химялық өңдеу жүргізу үшін республикалық бюджеттен қаражат бөлінген, ал ауылшаруашылық субъектелері өңдеу жұмыстарын өз күшімен өткізеді.
Карантиндік объектілердің көбеюі мен таралуына жол бермеу мақсатында облыс әкімдігінің қаулысымен биылғы жылы 12 ауданда, 62 ауылдық округте және 79 шаруашылық жүргізушіге карантин жарияланды.
Одан басқа, арамсояуға қарсы 3,886 га, қарағайдың қара мұртты қоңызына қарсы 30 га өңдеу жұмыстары болжамданған. Ағымдағы кезеңде карантин саласында 103 хабарлама, 57 нұсқама берілді.