Павлодарда тамызға дейін барлық стритбол алаңы орнатылады

Павлодарда тамызға дейін барлық стритбол алаңы орнатылады
Фото: pexels.com

Облыс әкімінің қолдауымен қалада спорттық инфрақұрылымды дамыту бойынша жобалар іске асырылуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Шаһар басшысы Хасар Хабылбеков қаланы аралау барысында орнатылған спорттық нысандардың сапасымен танысты.

– Қазіргі уақытта 30 мекенжайдағы воркаут алаңдарын орнату жұмыстары толығымен аяқталды. Ағымдағы жылға жоспарланған 25 стритбол алаңының 9-ы пайдалануға берілді, қалғаны 20 тамызға дейін орнатылады,– деп жазды Хасар Хабылбеков өзінің Instagram парақшасында.

Бұдан басқа, бүгінгі күні 3 учаскеде шағын футбол алаңдарын орнату жұмыстары басталды. Ал 9 мекенжайда жоспарлау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жылдың тамыз айының соңына дейін аяқталады деп жоспарлануда. 

Хасар Хабылбеков спорт бөлімінің басшысына футбол алаңдарыны қоршауларының сапасы бойынша келіп түскен шағымдарға байланысты барлық нысандарда жүргізіліп жатқан жұмыстарды қатаң бақылауды тапсырды.