Павлодар мектептерінде кіші сыныптардың түскі ас төлемдері өсті
Бұл азық-түліктің нарықтық құнын нақтылауға мүмкіндік берді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыс мектептеріндегі бірінші және төртінші сыныптардағы түскі асының құны бөлшек сауда және қоғамдық тамақтану қауымдастығының мектептердегі азық-түлік бағасының төмендегенін мәлімдеген үндеуінен кейін зерттелді. Бизнес құқығына нұқсан келтіргені туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің өңірлік департаменті хабарлады.
– Сыбайлас жемқорлыққа қарсы волонтер республикада баға белгілеуді зерттей келе, өңірімізде оның ең төмен – 421 теңге екені анықталды, – деді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің алдын алу басқармасының басшысы Данияр Кәукен. – Тәуліктік тамақтану құны ҚҚС-сыз 506 теңгеге дейін ұлғайтылды.
Төмен баға кәсіпкерлерге облыстың 356 мектебінің кіші сынып оқушыларына толыққанды және сапалы түскі ас ұйымдастыруды қиындатты. Сонымен қатар, мектепте тамақтану қызметін 82 кәсіпкер көрсетеді.
Еске сала кетейік, өңірімізде бюджет қаражатын ұрлау фактілері азайған. 2023 жылы бюджет қаражатын ұрлау 11 фактісі тіркелсе, 2024 жылы болмаған. Әр жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған цифрлы енгізу бойынша жұмыс жүргізу барысында «Білім беру ұйымдарындағы бірыңғай цифрлық бухгалтерия» пилоттық жобасын іске асыру қорытындысы шығарылды. «Фаворит» АЖ білім беру мекемелері пайдаланатын базада үстеме белгіленген норманың жалақысын есептеуге, сондай-ақ төлем құжатына дұрыс емес дербес деректерді енгізуге жол бермейтін тетіктер енгізілді.