Павлодар мен Ақсуда сабақтар онлайн форматқа ауыстырылды
Көктайғаққа байланысты сабақтар қашықтықтан ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Білім беру басқармасының мәліметінше, Павлодарда екінші ауысымдағы барлық сыныптарда сабақтар тоқтатылды.
Ақсу қаласының оқушылары да қашықтықтан оқуға ауыстырылған. Екінші ауысымның 1-11-сынып оқушылары онлайн форматта оқиды.
Қалада 0 градус, желдің жылдамдығы секундына 4 метрді құрайды. Сондай-ақ қосымша секциялар мен үйірмелерде де сабақтар қашықтықтан өтеді.
Естеріңізге сала кетейік, «Қазгидромет» РМК филиалы 28 ақпан сағат 21.00-ден 1 наурыз сағат 21.00-ге дейін өңірде дауылды ескерту жариялады. Павлодар облысының солтүстік жартысында жаңбыр мен қар аралас жауын-шашын, көктайғақ күтіледі.