Павлодар мен Екібастұз ортасындағы ауыл тұрғындары көлік мәселесін көтерді

Павлодар мен Екібастұз ортасындағы ауыл тұрғындары көлік мәселесін көтерді
Фото Константина Шелкова

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен Ақсу қаласына қарасты ауылдарды аралауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Спутник ауылының тұрғындары Павлодарға қатынас жолдың қымбаттығын алға тартты. Олар жағдайды көрші елді мекендермен салыстырды.

- Біз Павлодардан енді алыс тұрмаймыз ғой, бірақ автобустың жолы қымбат, мың теңгеге дейін жетеді. Сосын мына жерден кету қиын қалаға. Мысалы, ана Берекені алсақ, ол жақтан Павлодарға дейін мың екі жүз, ал бізге мың, - дейді тұрғындар.

Облыс әкімі Асайын Байханов бұл мәселені қолға алуға уәде берді. Жалпы Спутник ауылында біртіндеп әлеуметтік инфрақұрылым тіктеліп келеді. Былтыр ауылда көшелер жарықтандырылды, 90 шам орнатылды.

2025 жылы мұнда балалар ойын алаңы бой көтереді. Жоба құны 1,7 миллион теңге. Оған қоса, Спутник ауылының кіреберіс жолы ретке келтіріледі.