Успен ауданында Жаңа жылда жанжалдасқан жұбайлар сотта татуласты
Успен аудандық соты отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-материалдары бойынша, ер адам 2023 жылдың 31 желтоқсанында сағат 14:20 шамасында үйде болған кезде отбасылық жанжал шығарып, жұбайына әдепсіз сөз сөйлеген. Осылайша, ҚР ӘҚБтК 73-бабының 1-бөлімінде көзделген құқық бұзушылық жасаған.
– Істі сотта қарау кезінде жәбірленуші мен оған қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған адам медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісім түсті, – деп жазылған Павлодар соттарының ресми парақшасында.
Сот қаулысымен ер адамға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша өндіріс медиация тәртібімен дауды реттеу туралы келісімнің жасалуына байланысты тоқтатылды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.