Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасында кадрлық ауыс-түйіс орын алды

Серік Қалыбайұлы Серғазин Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Олимпиадалық резервті даярлау орталығы» ММ басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүгін Павлодар облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Даур Ерғабулов Серік Қалыбайұлын ұжымға таныстырып, басшыс лауазымында нәтижелі жұмыс тіледі.

Серік Қалыбайұлы 1980-1985 жж. аралығында еркін күрестен ҚазКСР 6 дүркін чемпионы. ҚазКСР Спартакиадасының чемпионы. «Спартак» ЕСҚОК чемпионы, 1978 ж. КСРО Универсиадасының чемпионы, 1981 ж. Шебер ардагерлер арасында Әлем чемпионы - 2016 ж., Әлем чемпионатының қола жүлдегері - 2019 ж. Еркін күрестен КСРО Спорт шебері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері. 1981-1984 жж. аралығында КСРО Олимпиадалық резервінің мүшесі.

Павлодар облысы Ертіс ауданының құрметті азаматы.