9 ақпанда Павлодар облысында көктайғақ болады
Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, сынап бағанасы -3…-8 °C, облыстың оңтүстігінде 0 °C-ты көрсетеді. Облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі.
Павлодарда ауа температурасы күндіз -4…-6 °C-қа дейін төмендейді. Көшпелі бұлтты, қар, бұрқасын болады.