Павлодар облысының әлеуетті сатып алушылары тауарлық бидайды қайдан ала алады?

Павлодар облысының әлеуетті сатып алушылары тауарлық бидайды қайдан ала алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азық-түлік корпорациясы тұқым қоры ретінде пайдалану үшін тауарлық бидайды сатуды бастайды, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, көктемгі дала жұмыстарына дайындық аясында «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ тұқым қоры ретінде азық-түліктік бидайды сату үшін келесі шарттарды ескереді: тек астық өндірушілерге сатылады (бір астық өндірушіге себу нормасы есебінен сату көлемі - 1 гектар егістікке 130 килограмм), сату көлемі – 400 000 тоннаға дейін, жеткізу шарттары – азық-түлік корпорациясының уәкілетті элеваторларынан EXW (франко-элеватор). Сондай-ақ  100% алдын ала төлем болуы тиіс.

– Фермерлерді мемлекеттік қолдау шеңберінде Азық-түлік корпорациясында 2024 жылға форвардтық сатып алу бағдарламасы бойынша алынған аванстық төлемдер есебінен тұқым ретінде азық-түлік астығын сатып алуға жол беріледі. Азық-түлiктiк бидайдың көлемiн анықтау үшiн әлеуеттi сатып алушы егiс алаңдарының (егiстiктiң) растайтын құжаттарын ұсынуы тиiс, – деп жазылған хабарламада. 

Абай, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының әлеуетті сатып алушыларына мына мекенжайға хабарласуға болады: Өскемен қаласы, Бейбітшілік көшесі, 30, 206-кеңсе.  Байланыс нөмірі: 8 (723-2) 25-95-67, 56-06-57.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайлар мен телефондар арқылы алуға болады: «Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ. 

Астана қаласы, Московская көшесі, 29/3. Электронды мекенжайы: mail@fcc.kz. Байланыс телефон нөмірлері: (8-717-2) 59-12-32. Бас менеджер: Е.К. Кәкімов. 8 701-105-31-05.