Павлодар облысы туу көрсеткіші бойынша кейбір көршілерінен озды

Павлодар облысы туу көрсеткіші бойынша кейбір көршілерінен озды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Алайда республика бойынша статистика жыл сайын нашарлап барады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ranking.kz сайтының деректеріне сүйенсек, Қазақстан туу көрсеткіші бойынша тұрақты теріс динамикаға тап болып отыр. Сондай-ақ туу коэффициентінің төмендеу үрдісі байқалады – бұл 1000 адамға шаққандағы туғандар саны. Қазақстанда бір жыл ішінде дүниеге келген балалардың саны 15 пайыздан аса азайған.

Биылғы жылдың үш айында ең жоғары көрсеткіш – 21,3 – Маңғыстау, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласында тіркелді. Павлодар облысында туу коэффициенті – 10,8, көршілес Ақмола облысында бұл көрсеткіш – 10,3, ал Солтүстік Қазақстан облысында одан да төмен – 8,5 пайыз.

Павлодар облысының статистика департаментінің мәліметінше, төрт айда өңірде 2767 нәресте дүниеге келген. Бұл өткен жылдың басымен салыстырғанда 272 балаға аз. Көш басында – Павлодар қаласы (90 нәресте), Баянауыл және Тереңкөл аудандары. Өткен жылы облыс халқы 9 142 балаға көбейген.

БҰҰ болжамы бойынша, Қазақстанда туу көрсеткіші алдағы ондаған жылда да төмендей береді. 2024 жылы жүргізілген зерттеулер қазақстандықтардың шамамен төрт пайызы мүлдем бала сүйгісі келмейтінін, ал 51 пайызының балалары бар болғанымен, тағы да сәби сүюді жоспарламайтынын көрсетті.

Балалы болуға деген ниеттен бөлек, туу көрсеткішіне физиологиялық мүмкіндіктер де әсер етеді. Көрсеткіштің төмендеу себептерінің бірі – белсіздікке шалдыққан адамдар санының артуы.