Павлодар облысында есірткіге мас күйінде көлік жүргізгендер қамауға алынды

Павлодар облысында есірткіге мас күйінде көлік жүргізгендер  қамауға алынды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл медициналық куәландырумен расталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше,  тек соңғы тәулікте инспекторлар жол қауіпсіздігі саласындағы 144 құқық бұзушылықтың жолын кесті. Мысалы, Екібастұзда Кеншілер көшесіндегі қызмет инспекторлары Toyota Camry маркалы автокөлікті тоқтатты. Тексеру кезінде жүргізушінің 2021 жылдың желтоқсанында сот көлік құралын жүргізу құқығынан айырылғандығы анықталды. Жүргізуші неліктен қайтадан рөлге отырғанын түсіндіре алмады. Көлік құралын жүргізу құқығынан айырылған құқық бұзушы жауапқа тартылды. Сот 50 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл салды. 

Дәл осы күні жүргізушілерді мас күйінде жүргізудің екі фактісі тоқтатылды. Торайғыров - Абай көшелерінің қиылысында және Кеншілер көшесіндегі 119-шы үйдің ауласында жүргізушілер есірткіге мас күйінде  көлік басқаруға отырды, бұл медициналық куәландырумен расталды.  Екі жүргізуші де жауапқа тартылды. Сот әрқайсысын 15 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алып, жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырды, – деп хабарлады департаментте. 

Барлық жағдайда автокөліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.