Павлодар облысы тұз өндірісі бойынша үштікке енді
Қазақстанда 2023 жылы тұз өндіру көлемі 1,8 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Energyprom.kz сарапшыларының мәліметінше, көрсеткіш 2022 жылмен салыстырғанда бірден 13,4%-ға өсті, бір жыл бұрын өсім 39,5% құраған.
Ағымдағы жылдың қаңтар-сәуір айларында елімізде 340,7 мың тонна тұз өндірілді. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 17,5%-ға артық.
– Өндірілген тұз көлемінің үштен екісі Қызылорда облысына тиесілі болды, 232,1 миллион тонна өндірілді. Өңірде азық-түлік, жем-шөп және техникалық тұз өндіретін ірі «Аралтұз» зауыты орналасқан. Қарағанды (43,9 мың тонна), Павлодар (23 мың тонна) және Атырау (18,4 мың тонна) облыстарына да қомақты көлемде өндірілген, – деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, тұз адам өмірі үшін өте маңызды және әртүрлі мақсаттарға, соның ішінде тағамды сақтау және олардың дәмін жақсарту, денсаулықты сақтауға қызмет етеді. Әлемдік континентальды тұз ресурстары орасан зор және мұхиттардағы тұз мөлшері шексіз.