Павлодар облысында соңғы бес жылда қанша ауыл таза ауызсуға қол жеткізді?

Биыл үш ауылдық елді мекенде су құбырын салу жоспарланған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық энергетика және ТҮКШ басқармасының мәліметінше, соңғы бес жылда өңірде су құбыры желілерін салу 683,6 километр және 88,9 километр қайта жаңарту бойынша 116 жоба іске асырылды. Бұл 36,3 мың тұрғынға таза ауызсуға қол жеткізуге мүмкіндік берді.
– Таза ауызсу – адам денсаулығының негізі. Қазіргі уақытта 352 ауылдық елді мекеннің 234-де орталықтандырылған сумен жабдықтау, 92-сінде блок-модульдер, төртеуінде топтық су құбырынан баған, ал 22-сінде жерасты ұңғымалары қолданылады, – деді басқармада. – Басым міндеттердің бірі жыл соңына дейін халықты 100% таза ауызсумен қамтамасыз ету болып қала береді.
2024 жылғы 1 қаңтарға арналған таза ауызсуға қол жеткізу 98,2%, ал 2025 жылдың 1 қаңтарға 99,1%-ды құрады. Биыл ауылдық елді мекендерде су құбырларын салу бойынша үш жобаны іске асыру жоспарланған.