Павлодарда әйелдер денсаулығына арналған маңызды іс-шара өтеді

Іс-шараға қатысу үшін алдын ала жазылу қажет емес, барлық ниет білдірушілер келе алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық онкологиялық диспансер баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қыркүйек сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін гинекологиялық қатерлі ісікті ерте анықтау және алдын алу мақсатында «Ашық есік күні» ұйымдастырылады.
Қабылдауға келгенде өзімен бірге жеке куәлік болуы міндетті.
Ашық есік күні Российская көшесі, 57/3 ғимарат, А корпусында өтеді. Толық ақпарат алу үшін +7(7182)66-00-91, 66-00-97, 66-00-98 телефондарына хабарласуға болады.
Ұйымдастырушылар әйелдер денсаулығына бей-жай қарамай, уақытылы тексерістен өтіп, кеңес алуға шақырады.