Павлодар облысында коронавирус тіркелмеді

Павлодар облысында коронавирус тіркелмеді

Өңірде 6 ақпан күні таңертең коронавирустық инфекцияның жаңа жағдайлары тіркелген жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, аймақтағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты деп бағаланады. 

– Облыс бойынша барлығы 80 989 COVID-19 ауруы анықталды. Оның ішінде симптомдары бар – 68 088, симптомдары жоқ – 12 901. Өткен 7 күн ішінде 30 қаңтардан 5 ақпанға дейін 10 науқас, 23-29 қаңтар аралығында аймақтың 9 тұрғынында COVID-19 расталды. 23-29 қаңтар аралығында апталық сырқаттанушылықтың өсуі 0,01 (9 жағдай), 30 қаңтардан 5 ақпанға дейін 0,01 (10 жағдай) құрады, – дейді департаментте. 

Вирусологиялық зертханалар COVID-19-ға 1 077 060 ПТР зерттеу жүргізді.

Фото: Константин Шелков