Павлодар облысынан Қарағанды облысына баратын жол ашылды
Бұл туралы облыстық ТЖД мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- Бүгін сағат 07.20-дан бастап ауа райының жақсаруына байланысты Қалқаман кентінен Қарағанды облысының шекарасына дейін барлық көлік түрлері үшін «Қалқаман-Майқайың-Баянауыл-Үміткер-Ботақара» республикалық маңызы бар жол ашылды.
Еске салайық, аталған жолда 3 наурыз күні сағат 19:00-ден бастап қозғалыс тоқтатылған болатын.