Павлодар облысындағы ауыл мектебіне Қаныш Сәтбаевтың мұрасы жетті

Павлодар облысындағы ауыл мектебіне Қаныш Сәтбаевтың мұрасы жетті

Онда 70-тен астам табиғи материалдар бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық білім басқармасының мәлімдеуінше, Баянауыл ауданының Қаражар негізгі жалпы білім беретін мектебіне Алматының ең ірі білім ордасы Қ.И.Сәтбаев атындағы университеттің геология кафедрасынан бағалы сыйлықтар жеткізілді.

- Университет ректоры Мейрам Мұхаметрахимұлы Бегентаев өз жерлестеріне теңдесі жоқ ерекше сыйлық жасады. Мұнда көрнекті ғалым, академик Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың мұрасы жетті, - делінген хабарламада.

Енді Қаражар мектебінің оқушылары минералдар мен тастар әлеміне енуге мүмкіндік алды. Мектеп ұжымы Қ.И. Сәтбаев атындағы университетке геология ғылымын зерделеуге мүмкіндік бергені үшін алғысын білдіреді.

- Қаныш Имантайұлының құнды еңбегін зерделеп, мектебімізге келген әр тастың сырына үңіліп, ғылымның шыңына жетуге талпынамыз. Академик атамыздың ұрпақтарына деп қалдырған мұрасын көзіміздің қарашығындай сақтаймыз, - деді мектеп оқушылары.

Айта кетелік, экспозицияда 70-тен астам табиғи материалдар бар.