Павлодар облысында Құрбан айт күні ХҚКО-лар жұмыс істемейді

Павлодар облысында Құрбан айт күні  ХҚКО-лар жұмыс істемейді

7 маусым кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып саналады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы баспасөз қызметінің мәліметінше, Құрбан айт мерекесіне орай халыққа қызмет көрсету орталықтары, сондай-ақ мамандандырылған ХҚКО-лар 6 маусым, жұма күні жұмыс істемейді.

Бұл ретте 7 маусым, сенбі күні кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лар үшін жұмыс күні болып саналады. Қызметтерді сағат 09:00-ден 13:00-ге дейін қабылдайды. Ал мамандандырылған ХҚКО-ларда өтініштерді қабылдау сағат 09:00-ден 12:00-ге дейін, ал құжаттарды беру – 13:00-ге дейін жүргізіледі.

Кезекші ХҚКО мен мамандандырылған ХҚКО-лардың актуалды тізімін Мемлекеттік корпорацияның Instagram парақшасынан немесе 1414 нөмірі арқылы білуге болады.