Қыста павлодарлықтардың пәтерлерінде ауа температурасы қандай болу тиіс?
Тұрғын үй жайларда температура 22 градустан аспауы керек, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қалалық ТҮКШ бөлімі гигиеналық нормаларға сәйкес пәтерлердегі оңтайлы және рұқсат етілген ауа температурасын еске салынды. Нормативтерге сәйкес, тұрғын бөлмеде ауа температурасы 20-22 градус, ас үйде және дәретханада – 19-21 градус, жуынатын бөлмеде - 24-26 градус, дәлізде 18-20 градус қалыпты болып саналады.