Павлодар облысында 15 жылдан астам бала күткен отбасы ЭКҰ арқылы ата-ана атанды

Павлодар облысында 15 жылдан астам бала күткен отбасы ЭКҰ арқылы ата-ана атанды
Фото: pixabay

ЭКҰ бағдарламасы енгізілген үш жыл ішінде өңірде 272 бала дүниеге келді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысының отбасы денсаулығын дамыту және жоспарлау орталығының репродуктологы Алма Катпина өткен жылы шамамен 40 жастағы ерлі-зайыптылар квота бойынша ЭКҰ бағдарламасын жасағанын атап өтті. Отбасы 15 жылдан астам уақыт бала сүйе алмаған. 

– Ер адамда өте ауыр ерлер бедеулік факторы болды. Олар ұзақ уақыт бойы тексерілді, ер адамға бұл жағдайды қабылдау қиын болды. Әйелі оны сабырлық танытып, күтті.  Және оның өте жақсы, бай аналық без резерві болғанына байланысты, 40 жасында квота бойынша ЭКҰ бағдарламасын алу үшін жеткілікті резервке ие болды. Әйел адамның жүктілігі қауіпсіз өтті және осы жылдың басында босанды, – деді Алма Катпина. 

Бұл ретте, облыстық денсаулық сақтау басқармасы Ана мен бала денсаулығын қорғау бөлімінің басшысы Гүлнар Жармакина «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасы бойынша Павлодар облысына 2021 жылы ЭКҰ тегін рәсіміне 290 квота, 2022 жылы – 281 квота, 2023 жылы 269 квота бөлінген. Үш жыл ішінде өңірге 272 бала дүниеге келді. 

– 2024 жылы Павлодар облысына бөлінген МӘМС шеңберінде ЭКҰ-ға 266 квота бөлінді.  Қазіргі уақытта барлық ерлі-зайыптылар ЭКҰ өту үшін рәсімделген.  Олардың 84-і оң нәтиже берді, оның екеуі егіз бала, 103-і теріс нәтиже берді, қалған 79 ерлі-зайыптылар нәтижені күту және циклдің басталуымен бағдарламаға кіру сатысында, –  деді Гүлнар Жармакина. 

Айта кетерлігі, ЭКҰ бағдарламасына өтініш бергісі келетін әрбір отбасы бірінші кезекте тұрғылықты жері бойынша әйелдер кеңесіне жүгіну керек. Содан кейін әйел адам гинекологтың, репродуктологтың, ал, ер адам урологтың, андрологтың кеңесін алу үшін Сұлтанов атындағы облыстық ауруханаға жолдама алады. Осындай қадамдардан әр жұптың жолы басталады. Кеңес беру кезінде бедеуліктің себебі анықталып, емдеу шаралары тағайындалады. Бұл сатыда біреуге консервативті емдеу жүргізіледі, біреуге хирургиялық емдеу, біреу өздігінен жүкті болатын жағдайлар да кездеседі. Егер консервативті немесе хирургиялық терапия тиімсіз болса, олар ЭКҰ бағдарламасына квота бойынша немесе ақылы түрде жіберіледі.