Павлодар облысында 23 тамызда кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері өтеді
23 тамызда яғни Құрылтай депутаттарын сайлау күні аясында Павлодар облысының үш қаласы мен он аудан орталығында жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен кеңейтілген ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері ұйымдастырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Сауда облыстағы 146 сайлау учаскесінде өтеді.
Павлодарда жәрмеңке 22 тамызда «Jailau» фермерлер нарығында, ал 23 тамызда қаланың 30 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады. Барлығы 147 тонна ауыл шаруашылығы және азық-түлік өнімін өткізу жоспарланған.
Жәрмеңкеге шығарылатын өнім көлемі:
- картоп – 60 тонна;
- сәбіз – 30 тонна;
- қызанақ – 5 тонна;
- қияр – 5 тонна;
- қарбыз бен қауын – 5 тонна;
- сүт өнімдері – 5 тонна;
- бакалея өнімдері – 20 тонна;
- бал және бал өнімдері – 2 тонна;
- басқа азық-түлік өнімдері – 10 тонна;
- нан-тоқаш өнімдері мен пісірмелер – 2 тонна;
- сусындар – 3 тонна.
Екібастұз қаласында жәрмеңке 22 тамызда «Народный» базарында өтсе, 23 тамызда сауда 20 сайлау учаскесінде ұйымдастырылады.
Ақсу қаласында 22 тамыздағы жәрмеңке «Ауыл» базарында өтеді. Ал 23 тамызда жергілікті тауар өндірушілердің өнімдері қаланың 21 сайлау учаскесінде ұсынылады.
Жәрмеңкелердің басты мақсаты – жергілікті тауар өндірушілерді қолдау, тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну және сайлау күні азаматтарға қажетті азық-түлікті бір жерден сатып алуға мүмкіндік жасау.
Аталған сауда орындарында тұрғындарға отандық және жергілікті өндірушілердің өнімдері ұсынылады.