Павлодар облысында 30-дан астам мектепте интернет желісі артты

Павлодар облысында 30-дан астам мектепте интернет желісі артты
Фото: pixabay.com

2024 жылдың 1 қыркүйегіне қарай 33 ауылдық мектепте «Starlink» спутниктік байланысы орнатылып, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, интернет жылдамдығы 150 Мбит/с дейін ұлғайтылды. 

Жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар желісі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 328 орынды қамти отырып, бес бірлікке ұлғайды. Облысымыздың мектепке дейінгі ұйымдарында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларды тегін тамақпен қамту өткен жылмен салыстырғанда 1170 балаға ұлғайды және 7691 құрайды. 2023 жылы 6521 бала болған. 

–  Облыстың 36 мектебінде жалпы сомасы 360 миллион теңгеге 42 кабинет сатып алынды. 38087 оқушыға арналған 54 мектеп жаңғыртылды, – деді басқармада. 

2024 жылы «Қазақстан халқына» ҚҚ іске асыратын «Ауылдық жерлерде тірек мектептердің әлеуетін дамыту» қайырымдылық жобасы аясында төрт мектептің материалдық-техникалық базасы жақсартылды. Осы жобаны іске асыру барысында үш жыл ішінде 1,9 млрд теңге сомасына сегіз мектептің материалдық базасы жаңартылды.