Павлодар облысында -38 градусқа дейін қатты аяз күтіледі
Жұма күні күрт суытады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Қазгидромет» РМК-ның мәліметінше, 14 ақпанда түнде -7...-12°С, ал күндіз 0...-5°С болады.
15 ақпанда облыстың оңтүстігінде қар жауып, боран соғады. Ауа температурасы түнде -20...-25°С, облыстың солтүстік-батысында -28°С-қа дейін суытады. Желдің жылдамдығы солтүстік-батыс бағытында секундына 9-14, кей жерлерде 15-20 метрге дейін жетеді.
16 ақпанда бұрқасын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -33...-38°С-қа дейін күрт төмендейді, ал күндіз -27...-32°С-ты көрсетеді.
Сенбіде қар жауады деп болжануда. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді. Түнде -28...-33°С болса, күндіз -22...-27°С суық болады.
Жексенбіде де жауын-шашын түседі. Сынап бағанасы түнде -23...-28°С, ал күндіз -17...-22°С-ты көрсетеді.