Павлодар облысында ақбөкендер қорғауға алынады
Өңірде киелі жануарды қорғау мақсатында бір айлық рейд басталды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуына және ақбөкендерге браконьерлік фактілеріне жол бермеу мақсатында 15 сәуір мен 15 мамыры аралығында облыс аумағында «Ақбөкен» кең ауқымды акциясы өткізілуде.
- Акция барысында бір ай бойы ақбөкендерді заңсыз аулау, сондай-ақ олардың мүйіздерінің айналымы фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізілетін болады, - делінген хабарламада.
Айта кетелік, жыл басынан бері полицейлер табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 204 фактісін анықтады.