Референдум: Павлодар облысының барлық учаскелерінде дәрігерлер кезекшілік етеді
Жалпы республикалық референдумге 4 күн қалды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, 6 қазан күні Қазақстанда атом электр станциясын салу бойынша республикалық референдум өтеді. Қалалар мен аудандар референдумының барлық учаскелерінде медицина қызметкерлері өкілдерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.
Дауыс беру өңірде 520 учаскеде өтеді. Облыс тұрғындары үшін қалалар мен аудандарда call-орталық құрылды. Ол күн сайын үзіліссіз және демалыссыз сағат 8:00-ден 20:00-ге дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ, @PVLSailau_bot телеграмм-ботында сайлау учаскелерін іздеу қызметі құрылды. Онда республикалық референдумға қатысуға құқығы бар азаматтардың тізімінен өзіңізді тексеріп, сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын білуге болады.
Естеріңізге сала кетейік, жалпы республикалық референдум өткізілетін күні қоғамдық көліктерде, атап айтқанда, автобустар, трамвайлар, шағын класты автобустарда жолаушылардың барлық санаттары үшін тегін жол жүру ұйымдастырылады. Сонымен қатар, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі Павлодар қаласы аумағында орналасқан 47 мекенжайда және ауылдық аймақтарда ұйымдастырылады. Азық-түлік сату нүктелерінің мекенжайлары сілтемеде көрсетілген.