Павлодар облысында ақбөкендерді қорғау акциясы басталды

Павлодар облысында ақбөкендерді қорғау акциясы басталды
Фото: pixabay.com/stinaras

Өңірде рейдтік іс-шаралар өткізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ағымдағы жылдың 15 сәуірі мен 15 мамыры аралығында облыс аумағында «Ақбөкен» ауқымды акциясы өткізіледі. 

Шараның мақсаты – табиғатты қорғау заңнамасының бұзылуына және ақбөкендерге қатысты браконьерлік фактілерге жол бермеу. 

Акция барысында ақбөкендерді заңсыз аулау фактілерін, сондай-ақ олардың мүйіздерінің айналымын, олардың дериваттарының айналымын анықтау және жолын кесу бойынша рейдтік іс-шаралар өткізіледі, – деп хабарлайды Павлодар облысының полиция департаментінде.

Айта кетерлігі, жыл басынан бері полицейлер табиғат қорғау заңнамасының 239 құқық бұзушылығының жолын кесті.